Алматыда қатты жауған жауыннан метроның Жібек жолы стансасын су басып қалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Су кірген метро стансасы бірнеше сағатқа жабылған. Метро басшылығы қазір станса жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлады.
Тұрғындар қалада жаңбыр суының жолдарды жапқан видеоларын да ғаламторға жүктеуде. Желі қолданушылары бұл жауынға «тропикалық» деген ат қоюда.
Алматы қалалық ТЖД 17-18 мамыр күндері жауын-шашыннан өңірдегі өзендердің суы көтеріліп, тауларда лай көшкіні жүретінін ескертуде.