«Білім және Мәдениет» телеарнасының директоры Александр Аксютиц «Нұр Отанның» баспасөз қызметіне келді, деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы Александр Аксютиц өзінің фейсбук парақшасында хабарлады.
«Достар, мен енді «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметінде баспсөз-хатшысы болып жұмыс істейтінімді қуана хабарлаймын», - деп жазды Александр Аксютиц.
Александр Аксютиц 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика мамандығын алған. 2015 жылдың шілде айынан бері «Білім және Мәдениет» телеарнасының директоры қызметін атқарып келген.