Құлтемір патшалығы(әңгіме)

/uploads/thumbnail/20170708151642385_small.jpg

Бұл болашақта болатын оқиға деп біліңіз, нақты қай жылы және қай жерде орын алары белгісіз.  Бірақ, түбі болатынын сеземін. .........

Арман құлтемір жасау салсында ұзақ жыл еңбек еткен атақты ғалым еді. Өмірінің көбін зерттеуге арнағандықтан, жасы қырыққа келсе де, әлі бойдақ еді. Оның жан досы да, сырласы да, тіпті, ұстазы да осы өзі жасаған құлтемір болатын. Құлтемірдің бойы 160 см, дене салмағы 10-20 кг. шамасында, тым зерек, ақылды, білмейтіні жоқ дерсің. Содан болар, Арман оған "Данышпан"-деп ат қойған. Данышпан Арманмен біргі оның қала сыртындағы екі қабатты әсем үйінде бірге тұратын ды. Арман жұмысқа, ашығын айтқанда зертханасына барарда Данышпан да оның машинасымен бірге "жұмысқа" баратын еді. Тіпті, оңаша жерлерде, қала сыртындағы таза ауаға сейілдеп шыққан күндері машина тізгінін Данышпан қолына алатын. Ол сәттерде Арман мызғып, көз шырымын алатын еді. Қай жерге барып дем алуды Данышпан белгілейтін, себебі, ол ауадағы жағымды-жағымсыз истерді бірден сезетін, Оның қасында Арманның қоңқақ мұрны "түк сезбестің" нағыз өзі дерсің.

Күнделікті тамақ мәзірін де Данышпан әзірлейтін. Ол Арманға күніне қанша мөлшерде қант, ақуыз және түрлі минералдар мен дәрумендердің қажеттілігін дәл есептеп, соған сай, ас мәзірін дайындайтын. Асының дәмі де сондай үйлесімді еді.

Үй шаруашылығында Данышпанның өзі реттеп, әр бір затты өз орнына жайғастырып, еден мен жыйхаздарды шаңынан арылтып, Арман мен өзінің кірлеген киімдерін де әп-сәтте жуып, тазалап тастайтын. Оған бола, шаршап-шалдыққан Данышпан болмайтын.  Ол кейде Арманның алақыны мен көзіне, тіліне қарап отырып денсаулығының жағдайы туралы айтатын, айтып қана қоймай қажетті дәрілік шөптер мен тағамдарды дайындап оның тез сауығуына көмектесетін. Арманның жұмыстан қалжырағанын көрсе оны мәжбүрлі түрде жатқызып, денесін уқалап, сызылта ән айтып Апрманды аса бір рахат күйге бөлейтін. Керек десе әлде бір тарихи романан немесе драмадан үзінделер болмаса, әйгілі ақындардың лерикасынан тамылжыта оқып Арманды өзіне тәнті ететінді.

Данышпанның ендігі бір қасиеті әнді сүйіп тыңдайтын, бірақ, кез-келген әнді ұната да бермейтін. Талғамыда аса жоғары еді. Ол ән тыңдай отырып, осы әннің әуенінде қай сазгердің қайсы әнінің әлде бір әуезінің ұрланғанын айтып Арманды таң-тамаша ететін. Содан болар, Арман оның алдында талғамсыз көрінбеу үшін өз қалаған әнін салуға батылы бармайтын. Тек, Данышпан  ұнататын  әндерді ғана  айтуға тырысатын.

Данышпанның тағы бір ерекшелігі - ол  тірі энсиклопедия еді, ғылымның қай саласы болмасын, кез-келген терминді, заңдылықты, теорияны тиянақты да толық ғылыми түрде жауап беретін.

Данышпанның осындай толып жатқан артықшылығы Арманның тұрмысынан бөлек жұмысына да аса зор пайласыны тигізетін. Күрделі математикалық есептер мен физикалық заңдылықтардың шешімін Арман  данышпанның көмегімен оңай шешіп, басқа әріптестеріне қарағанда  ғылым саласында оқ бойы озып жүрді. Сордан болар, Арманның қалам тартпайтын ғылым саласы жоқ еді, экономика, саясат, география, биология, философия бәрі-бәрі де Арман үшін түкте қиыны жоқ, дүниелерге айналды. Арманның аса дарындылығы оны  жұртына жағымды, еліне елеулі тұлғаға айналдырды. Оның  ауа райы немесе елдегі саяси өзгерістер мен қаржылық құбылыстар туралы боджамдары айна қатесіз келіп отыратындықтан, ел-жұртты былай қойғанда, минстрлер мен мүйізі қарағайдай ғалымдар да, қалталы бизнесмендер де  Арманмен кездесіп, сұхбаттасып, одан өздерінің жобасы мен жоспары турылы  сыр бөлісіп пікірін алуға тырысатын. Бұлардың барлығы да Арманның беделін асқақтатып,  атақ-даңқын аспандатты.

Арманда аса ақылды адам еді, ол өзіне осынша жақсылықтар әкелген Данышпанды шынымен қатты құрмет тұтатын және оған іштей бас иіп табынатынды. Әрі оны тіпті де жетілдіру мақсатында түрлі жаңа бағдарламаларды жасауға жанын салатын. Соның ішінде сәтті шыққаны "Әлем тілдері" бағдарламасы болды. Енді, Данышпан дүниежүзіндегі кез-келген халықтың тілінде еркін сөйлеп, аударма жасайтын болды.

Үздіксіз көрсетіліп жатқан марапаттар мен қошаметтер Арманның нәпсісін қытықтап, паңдық пен күпірлікке қарай біртіндеп жетелей бастады. Жоғары мәртебелі қонақтармен болған бас қосуда, көңілі лепірген Ол:

- Адамды Құдай жаратқаны шын болса, мына біз (ол әсілі мен деп айтпақ еді) ғалымдар адамнан да ақылы артық құлтемірлер жасаймыз, сонда, кім құдіретті? біз бе әлде Құдай ма? -деді басын шалқайта екі қолын сермей. Отырған жұрт тегіс қошамет көрсетіп ұзақ қол шапалақтады. Осындай бас қосулар мен лепірме сөздер оның өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Бұл кездерде Құлтемір жападан-жалғыз екі қабатты зәулім үйде  қалатын. Арманның жұмысының сиреуі енді, құлтемірдің өз-өзімен айналысуына түрткі болды. Ол біртіндеп  Арманың көмегінсіз-ақ көптеген бағдарламаларды өз бетімен жасап, өзіне орнатып алатын құдіретке ие болды.

Арада біраз уақыт өткен де жан-жақтылы кемелденген Данышпан  Арманды менсінуден қала бастады. Ол бұрынғыдай Арманға жан ұшырта қызмет етуді азайтты, тіпті, Арманның тапсырған жұмысын да уақытылы істемейтін болды. Үй шаруашылығына да қолғабыс етуден біртіндеп бойын аулаққа сала бастады.  Әлде бір мәселеге байланысты ақыл-көмек сұраса,  жүре жауап беретін болды. Бірақ ел жұрт Арманды әлі де тірі әулиедей көруден жаңылған емес, оған қоңырау шалып ой-пікір бөліскісі келген шенділер мен  шекпенідлердің қарасы әлі басым. Арман не істерін білмей қатты састы, өз біліміне сүйеніп пікір білдіруден мүлде мақұрым қалғанын түсіне бастады. Ал, Данышпан болса күн өткен сайын астамсып барады. Амалы таусылған Арман енді Данышпан үшін қызмет көрсетуге көшті. Енді үйдің бар шаруасы Арманның мойнында, баяғыдай әр тақырыпта мақала жазып жұртты дүрліктірер шама қалмай барады. Бәйек болып күтетіні Данышпан тек соның көңлінен шығуға тырысады.

Арман ең бастағы арманы ақылды құлтемір жасап, соны өзінің, қала берді адамзаттың игілігіне жарату болатын, ал енді  жағдай мүлде басқа арнаға ауысқандай. Арман өзінің біртіндеп құлтемірдің "құлына" айналып бара жатқанын сезді, сезді де жан-жүрегі қан жылып қоя берді........

Ол жаныма сая болар-ау деген оймен шарапқанаға бас сұқты, шарап құюшы қара торы әдемі қыз сиқырлы күлкімен езу тартып:

-  Қош келдіңіз Арман мырза - деді назы үнмен.

- Мені қайдан білесің?

-Сізді білмейтін жан бар ма?

- Солай де, Арман үнсіз қалды.

- Не ішесіз?

- Ең күштісінен құй

Арман алдына келген бакалдағының не екендігіне қарап жатпады, бірден көмейден ары асырып жіберді. Охо.........недеген ашщы еді. Арманның дауысы көмілди шықты. Қыз оның қолына әлде бір шырынды ұстата қойды.

-Байқап ішпедіңіз бе, бұл қытай арағы ғой, у дай-деді қыз жаны ашыған сыңай танытып. Арманның өзегінен таралған оттай қызу 62 тамырып қуалып, буын-буынына түсіп, бір түрлі сергек сезім бергендей рахаттана қалды. Көңіл күйі де әп-сәтте көтеріліп, маңдайынан шыққан шып-шып термен бірге құрыс-тырысы жазылып сала берді.

- Рахаты-ай, тағы да -деді қызға бакалды ұсынып жатып.

- Әрине, қыз соны айтты да тағы бір стаканды ұсынды. Арман бұл жолы бірден тастап жібермеді, құрсталдан құйылған қырлы, өрнекті  ыдысты айналдыра қарап,  ішіндегі күлгін-сары түсті қытай арағына назар салды. Түсі де өзгеше екен-деді ол ішінен, бағанағысы басқашалау ма еді. Қыз оның ойын оқып қойғандай:

- Сіздің әлгінде ішкеніңізде осы арақ,  шарапханадағы ең қымбат және ең күштісі осы.-деді толықтап. Жөпелдемеде не дерін білмеген Арман:

- Жай,  ыдысын  қызықтағаным ғой- деді күмілжіп.  Осы сәт қыз жұлып алғандай:

- Сол бакалда , сол шарап,

Неге қалдың көп қарап?

Жүрек тулап кеттіме

Ыстық қанға у тарап?- осыны айтып қыз сықылықтай күлді.

- Қандай керемент, бұл өлең кімдікі?-деп сұрады Арман.

- Менікі, дәл қазір құрадым. Сіз білесіз бе қазірігі адамдар өлеңдетіп сөйлеуге құштар, біздің мамандығымыз үшін ол тіптен керек.

- Ғажап, дүние қалай өзгеріп барады ә? Арман не өзіне әлде қызға айтқаны белгісіз солай деді де екіншісн де сіміріп тастады. Енді тіпті де шалқи түсті, бойына желік бітіп қыз жүзіне тура қарады да:

- Қара көзің - қара  түн,

Қалың шашың ормандай,

Бір музика сендегі үн,

Жүрекке нұр құйғандай.  Бұл өлең жолдарының өз аузынан қалай шығып кеткенінде Арман сезбей қалды. Екеуі бір-біріне үнсіз қарап қалысты. Арман осы жасқа келгенге дейін бойында дәл осындай сезім отының болмағанын бүгін алғаш сезінді.

Бұл не? не қылған алапат күш? қайдан келді? Арман қайтар жолында осыны ойлаумен болды.  Көз алдынан шарап құюшы қыздың дидары, құлағынан мөлдір үні кетер емес. Арман үйіне келді де төсегіне құлады. Мас шығармын деді ол өзін-өзі жұбатып. Ұйықтап тұрсам бәрі қалпына келер....

Ертесі таңда көзін ашқан Арманның алғаш көргені тағы сол қыз болды. Міне, көз алдында тұр, кешегіндей әдемі, тартымды, шарап ұсынып тұр. Арман көзін жуып қайта ашты, әлі де сол бейне кетер емес. Содан бері Арман мең-зең күйге түсті, жатса да -тұрса да көз алдынан сол қыз кетер емес, Армандағы өзгерістерді сезген Данышпан одан істің жөнін сұрады.

- Мен сірә ғашық болып қалғандаймын-деді Арман бір түрлі тебіреніп.

- Не дейсің, ол не ғашықтық деген?-деп сұрады Данышпан аңтарылып.

- Не сен білмейсің бе, ғашықтықты, махаббатты? -деді Арман құлтемірден таңырқып.

- Былай анықтамысын білем, бірақ, сенің соған бола сары уайымға салынып, қайғы жұтып жатқаныңды түсінбедім-деді құлтемір шынын айтып. Арман орнынан  атып тұрып айқай салды:

- Жеңдім, жеңдім сені, сен жеңілдің құлтемір. Сен қанша данышпан болғаныңмен сен де ең асыл, ардықты дүние - махаббат жоқ, махаббат!- Арман осына айтып шыр айнала билей жөнелді. Түк түсінбеген құл темір қолын бір сілтеп шығып кетті.

Арман көп ойланды. Ұзақ жыл еңбектеніп өзінен де білімді құлтемірді жасап шығып, соның арқасында биіктерді бағындырғанымен, бәрі-бір оның жүрегіне сезімді, махаббатты сала алмаған екен. Шынын айтқанда, салу қолынан мүлде келмейтін еді.  Кенет оның есіне ұлы ойшыл Абайдың

-Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.- деп басталатын өлең жолдары оралды. Ол бүк т үсіп отыра кетті:

- Иә Алла кеш мені, кешір менің күпірлігімді!

Осыдан кейін Арман құлтемірдің ең алғашында жасағанда орналасытрған басты "тіршілк"-аттыы тетің күшін жойып, оның жалғасты тіршілік ету қаблиетін тоқтатты. Содан кейін құлтемір, бұрыштағы өз орнына үнсіз жайғасты. Ал Арман енді құлтемір емес, адамды зерттеуге кірісті әрі көп кешікпей  шарап құюшы сұлумен некелесті. Қыз  енді Арманның ғылымдағы да,  өміріндегі де көмекшісіне айналды. Олар солай бақытты да баянды ғұмыр кешті.

Қастер Сарқытқанұлы , доцент

экономикалық-әлеуметтік география ғылымдары кандидаты.

 Қытай Халық Республикасында өмірге келген.

Қазір Абай ат. ҚазҰПУ магистрантура және докторантура

институтында ұстаз.

Қамшы сілтейді

Сурет: elitetrends.in

Қатысты Мақалалар