Қытайлар бұқтырылған етті адам етінен жасауы мүмкін бе?

/uploads/thumbnail/20170709014416149_small.jpg

Қытай мен Замбия арасында халықаралық жанжал туындады. Тіпті Қытай үкіметі Замбиядан әлемдік қауымдастықтың алдында кешірім сұрауды талап етті. Өйткені, Замбия медиасы «Қытай сырт елдерге адам етінен жасалған бұқтырылған ет сатады» деген ақпарат таратқан.

Белгісіз біреулердің әлеуметтік желілер арқылы асқан шеберлікпен жалған ақпарат таратқан. Ол ғаламтордың арғы жағында отырып, қытайлық ет өңдеу орнында адамдардың мәйіттерінен бұқтырылған ет дайындап, оны Замбия сатып алады деген. Бұл ақпарат нақтылану үшін сұмдық суреттер жүктеліп, ет өңдейтін цех ішінде адам денелері көрсетілген.

Мақалалар сериясы суреттерімен жарияланғаннан кейін Қытай замбиялық баспасөзді тексерілмеген ақпаратты, қауесетті таратты деп айыптады.

«Қытайлықтарда өліні жерлейтін жер жоқ, сондықтан олар мәйіттен бұқтырылған ет жасауды шешті» деп жазған мақалада. Тіпті, бай-қуатты елдерге «ең жақсы етті» қалдыратындарын тұспалдап жазған. Осы оқиғадан кейін, Замбиядағы Қытай елшісі Янг Юминг бұл айыптауларды ресми түрде жоққа шығарды.

«Жергілікті газет Қытай елі Африкаға тілімделген адам еттерін сатпақ деген қауесет таратқан. Бұл жалған ақпарат және жала жабу. Біз жергілікті басылымдардың мұндай әрекеттеріне батыл наразылық білдіріп, айыптаймыз. Шындыққа жанаспайтын қауесет ертеден келе жатқан әріптестік қарым-қатынасқа зиян тигізуге бақытталған», - деді елші.

Алайда желі бойынша тараған суреттерде қытай бұқтырмалары адам ретінде көрсетілген. Дегенмен жалған дерек бірден ашылды. Фото суреттер мұқият қаралып, зерттеліп, бұл ойынға арналған «Resident Evil 6» маркетингтік компаниясының рекламаға арналған бір бөлігі болып шыққан.

Мына суреттердегі мәйіт сияқты бейнелер Лондондағы Смитфилд базарында аталмыш компанияның жарнама түсірілімі уақытында жасалған. «Зұлым Вескер және оның ұлы: Адам еті дүңгіршегі» деп аталатын дүкеннің  ет сату бөліміне арнайы жасалған болып шықты. Жәй келушілерге ерекшелік үшін ғана жасалған.

Ақпаратты таратушы замбиялық азамат кешірім сұрады. «Замбия мемлекеті  Қытай мен Замбия арасындағы жақсы қарым-қатынасты назарға ала отырып, болған оқиғаға өкініш білдіреді. Біз анық-қанығына көз жеткізу үшін, тиісті органдар тергеумен айналысатын болады» деді Қорғаныс министрі Кристофер Муленг. 

Қатысты Мақалалар