Алғаш рет 12-сынып түлектеріне соңғы қоңырау соғылды

/uploads/thumbnail/20170709014741339_small.JPG

Алғаш рет 12 сынып түлектеріне соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz – ке сілтеме жасап.

Бүгін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өзінің ең алғашқы түлектерін ұшырды. Алғаш рет шаһар бойынша 12-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау соғылды. 160 оқушы үлкен өмір жолына аяқ басты. Түлектер алтын ұя мектебімен қимай қоштасты. 

Салтанатты жиында мектеп директоры Олег Пак оқушылар, ата-аналар және ұстаздар қауымын оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтап, оларға өз алғысын айтты. Ал түлектерге мектеп атын әрдайым биіктерден көрсетуіне сенім білдіріп, ақ жол тіледі.

Толқып тұрмын,- дейді Әйгерім Еңсебай, - екіншіден, бойымды мақтаныш сезімі кернеп тұр, себебі, біз Алматы қаласы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алғашқы түлегіміз. Әйгерім Назарбаев Университетіне емтихан тапсырған. Енді нәтижесін күтуде.

Мектеп бітірушілер ұстаздар қауымына ағынан жарылып, алғыстарын жаудырды. Мектеп бітірушілер вальсі, жүректен шыққан қоштасу әндері жиналған жұртты ерекше сезімге бөледі. Әрдайым оқушылардың басы-қасынан табылатын кураторлары бала шақтан болашаққа қадам аттаған түлектеріне сәт сапар тілеп, қимастық сезіммен үлкен өмірге шығарып салды. 

Қатысты Мақалалар