Өткен түнде Көкшетауда элеватор маңында автокөлік көпірден құлап кетті, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға шамамен 22:30 шамасында орын алған. Ол «Достар» мәдениет үйі маңынан шығып шығып келе жатты. Жүргізуші ұйықтап кетті ме, жоқ әлде мас па белгісіз. Бір жағынан алғанда көпірдің кей жерлерінде қоршау жоқ, сондықтан ішімдік ішпеген жүргізуші же, жаяу жүргінші де көпірден құлап кетуі ғажап емес»,- деді олар. "Audi A-4" жүргізушісі аты-жөнін айтудан бас тартты, жасы шамамен 20-25-те. «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізілді. Жеңіл жарақат алған, ішімдік ішкені немесе ішпегені наркологиялық сараптамадан кейін белгілі болады», - деді жол-патруль қызметі взводы командирі аға лейтенант Абзал Исин.