Аctiv ұсынатын Bookmate қосымшасына үш айда 25 мың адам жазылған

/uploads/thumbnail/20170709020221508_small.jpg

«Кселл» АҚ activ music, activ TV және activ ұсынатын Bookmate (OTT-сервистер) атты жаңа сервистер жұмысының алғашқы нәтижесін шығарды, - деп хабарлайды Qamshy.kz

2016 жылдың ақпан айының басында көпшілікке таныстырылған жаңа ойын-сауық қосымшалары Kcell және activ абоненттеріне кез келген жерде және кез келген уақытта сүйікті әндерін тыңдап, кітап оқып, телеарна қарауға мүмкіндік береді.

БАҚ өкілдерімен өткен кездесу барысында «Кселл» АҚ басшылығы OTT-сервистер іске қосылғаннан бергі үш ай ішінде қосымшаларға жазылғандардың қатары елу мың адамға жуық көрсеткішті көрсеткенін атап өтті.

«Жаңа сервистердің абоненттер тарапынан үлкен сұранысқа ие болғанын көріп отырмыз, оған таныстырылымнан бергі уақыт ішінде көптеген адамның жазылушы атанғаны дәлел. Қосымшаларымыздың қолданушылар өміріне сән қосып, уақытты көңілді өткізуде көмекке келе алатынына сенімдімін, себебі activ ұсынатын ойын-сауық енді сіздің жаныңызда», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс. 

Жаңа сервистер арасында activ ұсынатын Bookmate ең танымал қосымша болып отыр: ақпан айынан бері 25 мың адам бұл қызметтің жазылушысы атанған. 18 мың адам activ music-ке жазылса, 6 000 қолданушы activ TV сервисінің көрермені болу туралы шешім қабылдаған.

Телеарналарды ыңғайлы жолмен көруге мүмкіндік беретін activ TV сервисінің ең көп қаралған ТОП-3 тізімінде 31 арна, 7 арна және КТК көш бастады. «Спорт» қосымша топтамасы да Kcell және activ абоненттері арасында танымал болып отыр. 

Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша activ ұсынатын Bookmate сервисінде қазақстандық қолданушылардың сұранысына ие болған кітаптардың ТОП-10 тізімі анықталды. Рейтингтегі алғашқы орында ағылшын жазушысы Джоджо Мойестің «Сенен кейін» атты кітабы тұр. Екінші орынға Стейс Крамердің «Өзіме қол жұмсағанға дейін 50 күн» атты шығармасы жайғасты. Американдық психолог Роберт Чалдинидің «Ықпал ету психологиясы» оқу құралы үшінші орыннан көрінді. Сондай-ақ Стивен Ковидің «Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті. Жеке тұлғаны дамытудың қуатты құралдары» кітабы, Грегори Дэвид Робертстің «Шантарам» романы, танымал американдық жүргізуші Стив Харвидің «Әйел секілді іс істеп, еркек сияқты ойлан. Ер адамдар не себепті ғашық болады, бірақ үйленбейді және басқа да ер-азаматтардың құпиялары» шығармасы, «Сенімен кездескенге дейін» атты Джоджо Мойестің тағы бір еңбегі, Стив Харвидің «Ер адамдар туралы ештеңе білмейсіз» кітабы және жазушы Джон Гриннің «Жұлдыздар кінәлі» романы ТОП-10-қа кірді.

Қатысты Мақалалар