Алматы облысында онлайн-ойын ойнаған жігіт инсультқа шалдықты

/uploads/thumbnail/20170709020222774_small.jpg

26 жастағы Қаскелең қаласының тұрғыны бірнеше түн бойы «Танктер» онлайн-ойынын ойнаған. Кейін қолы әлсіздене бастағанын, одан кейін жалпы әлсіздікті сезініп, соңыра жігіт есінен танып қалған, - деп хабарлайды Qamshy.kz  №7 қалалық клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инсультке шалдыққан жігіт ауруханаға жеткізілді. Ол қалалық аурухананың реанимациясында бір тәулікке жуық жатқан. Денесінің бір бөлігі толық істен шыққан. Кейін оны Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыстырды. Мұнда  №1 инсульт бөлімшесінің мамандары жігіттің өміріне араша түсті. Бірнеше күннен кейін ол қайта қозғала бастады, кейін өздігінше жүріп, сөйлей бастады.  

Медициналық мекемеде түсіндіргендей, 9 күннен кейін жігіт жүрді, оң қолын қозғалта алады, сөйлейді, дегенмен сөйлеу қабілеті нашарлаған. 

Қатысты Мақалалар