ОҚО-да 2 жастағы бүлдіршін дәретханаға түсіп кетіп, тұншығып өлді

/uploads/thumbnail/20170709020302680_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында өткен демалыс күндері оқыс оқиға орын алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Korrespondent.kz-ке сілтеме жасап.

Ауданға қарасты Ақтөбе ауылында  екі жасар бүлдіршін көз жұмды. Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, әжетханаға түсіп кеткен. Өкінішке орай сол орында тұншығып қайтыс болған. Бұл жағдайға  ата-анасының баласына жүрдім-бардым қарауы себеп болыпты.

Одан өзге демалыс күндері Оңтүстік Қазақстандағы тағы бір ауданда қайғылы жағдай орын алды. Төтенше жағдай Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында Мұрынтас демалыс аймағында орын алды. Үш жастағы бүлдіршін суға кетіп, оны құтқарып қалу мүмкін болмапты. 

Қатысты Мақалалар