Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Еуропа кубогында Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тумасы, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Жақсыбек Жеңісбек 60 келіде қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда Жақсыбек Австрияда оқу-жаттығу жиынында. Оның алдағы мақсаты - қыркүйек айында Дели қаласында (Үндістан) болатын Азия чемпионатында топ жару. Жақсыбектің жарысқа дайындаған бапкері - Арман Молдаханов.
Айта кетейік, айтулы жарысқа 33 елден 500-ден астам спортшы қатысты.