Ақтөбеде жент қосылған шоколад - бренд конфет шыға бастады

/uploads/thumbnail/20170709020623374_small.jpg

Бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Ғали Исқалиев журналистерді жаңа бренд өніммен таныстырды. Қала қонақтарына конфеттен дәм татыру жоспарлануда, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Барлық өңірлерде өзінің бренд өнімдері бар, Ақтөбеде әзірге жоқ. Біз осы конфетті шығаруды шештік. Ақтөбеде тары өседі, сондықтан жент қосылған шоколад жасамақпыз», - деп атап өтті әкім орынбасары.

Қорапта жүрек және шар пішінінде 16 конфет.  Оған жаңғақ пен мейіз қосылған ұлттық тағам - жент қосылған

Ақтөбе облысы - жыл сайын рекордты өнім алған белгілі тарышы Шығанақ Берсиевтің отаны. 1939 жылы 25,5 центнер, 1940 жылы - 155,8 центнер, 1941 жылы - 166 центнер, 1942 жылы - 175 центнер, 1943 жылы - 201  центнер тары алды. 1940 жылдан бастап бұл нәтиже әлемдік рекорд ретінде тіркелді.

Қатысты Мақалалар