Ақтауда ҰҚК қызметкерлері адам ұрлаған

/uploads/thumbnail/20170709021436959_small.jpg

ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің үш бірдей қызметкері адам ұрлап, ақша бопсалағаны үшін бас бостандығынан айрылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Чекистер ақтаулық азаматты электрошокер мен кісен пайдалана отырып ұрлап, жасырын пәтерлердің бірінде қамап ұстаған. Ұрланған азаматқа есірткі саудалады деген күдікке ілінгені тергеу барысында белгілі болып отыр. ҰҚК қызметкерлері қылмыстық жауапкершіліктен босатамыз деп, 3 миллион теңге талап еткен.

ҰҚК-нің аталған бұрынғы қызметкерлері Ақтау қалалық сотының үкімімен лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану (ҚР ҚК-нің 362-бабы, 4-бөлімі, 1-тармағы), адам ұрлау (ҚР ҚК-нің 125-бабы, 2-бөлімі, 1,3,8-тармақтары) және бопсалау (ҚР ҚК-нің 194-бабы, 3-бөлімі, 2-тармағы) әрекеттері бойынша кінәлі деп танылып, екеуі мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға біреуі 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Қатысты Мақалалар