Қытайға жалған АҚШ валютасын алып өтпек болған

/uploads/thumbnail/20170708151709064_small.jpg

   2014 жылдың 25 наурызында Алматы Халықаралық әуежайында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің  қызметкерлері  шетел валютасын  заңсыз тасымалдау  контрабандасының жолын кесті. 

 «Алматы – Үрімші» халықаралық әуе бағытына кедендік бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматы қолға түсті.

Алматылық кеденшілер тексеру жүргізу барысында құрықталған азаматтың кеден органынан жасырын алып өтпек болған 40 мың  АҚШ долларын  тапқан. Кеден шекарасынан өту кезінде тәркіленген ақша декларацияда көрсетілмеген.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша КБД тәркіленген дәйекке қатысты  тексеру амалдарын жүргізуде, тексерудің нәтижесінен кейін процессуалды шешім қабылданатын болады.

 Алматы қаласы бойынша КБД

 Баспасөз қызметі 

Қатысты Мақалалар