Илья Ильиннің қанынан допинг табылған

/uploads/thumbnail/20170709021624492_small.jpg

Азиялық БАҚ-қа сілтеме жасаған Oasport.it-тің ақпараты бойынша, ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2012 жылғы Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткен, - деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл ақпарат расталса, Ильин Олимпиаданың алтын медалінен айырылып, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатыспайды, деп жазады Sports.kz.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстанның басқа Олимпиада чемпионы - Зүлфия Чиншанлоның допинг-сынамасы да оң нәтиже бергені туралы хабарланған болатын. 

Қатысты Мақалалар