И.Ильин мен З.Чиншанлоның допинг сынамалары қайта тексерілуде (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709021732462_small.jpg

Еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардан алынған допинг сынамалардың қайта тексерілгенін растады, - деп хабарлайды Qamshy.kz  24.kz-ке сілтеме жасап.  

Сала мамандарының хабарлауынша, Бейжің мен Лондон олимпиадаларына қатысқан бірнеше спортшы рұқсат етілмеген препарат қолданды деген күдік тудырып отыр. Солардың ішінде қазақстандық оғландар да бар. Сондықтан Халықаралық олимпиадалық комитет сынамаларды Швейцарияның Лозанна қаласындағы арнайы зертханада қайта тексеріп жатыр. Айта кетейік, бүгін бірқатар қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алтын медальдерінен айырылады деген мәлімет жариялады. Бұған қоса олардың биылғы Рио жарысына қатыса алмайтынын да жарыса жазып жатыр. Алайда осы мәселеге қатысты әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Ал Ұлттық олимпиадалық комитет қайта тексеру нәтижесі белгілі болғаннан соң тиісті түсініктеме беретін болды.

Қатысты Мақалалар