Ақтөбеде 5 маусымда жасалған шабуылдарды "Қазақстанды азат ету армиясы" деп аталатын топ мойнына алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Топ атынан жасалған үндеуде шабуыл «Назарбаев диктатурасына» қарсы «Қазақстанның демократиялық даму жолын жақтаушылардың алғашқы ұрысы» болғаны айтылады.
Ақтөбеде 5 маусымда бір топ қарулы адам екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімге шабуыл жасап, полициямен және әскерилермен атысқан. Ішкі істер министрлігі шабуылды «діни радикалдар тобы» жасағанын мәлімдеген болатын. Министрлік мәліметінше, атыс пен арнайы операциялар барысында барлығы 18 адам, оның ішінде 12 "қылмыскер" қаза тапқан.
Бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова 5 маусымда Ақөбедегі атыстардан 38 адам жараланғанын мәлімдеген.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның барлық облысында және Астана, Алматы қалаларында террорлық қауіп-қатердің «қалыпты сары деңгейі» енгізілді. Ол туралы тұрғындарға СМС-хабарлама тарауда.