Ақтөбедегі ҰБТ барысын Ерлан Сағадиев өзі бақылайды

/uploads/thumbnail/20170709022450296_small.jpg

7 маусымда Премьер-министр тапсырмасымен Ерлан Сағадиев Ақтөбе қаласындағы екі ҰБТ өткізу пункттерінде болып қайтады, деп хабарлайды Qamshy.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білім және ғылым министрі Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі және С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетіндегі пункттердің қауіпсіздігін өзі тексереді" делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, алдында министрлік тарапынан Ақтөбедегі екі ҰБТ өткізу пункттердегі тестілеу мерзімін 2016 жылғы 6 маусымнан 7 маусымға ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

Қатысты Мақалалар