Ақтөбеде іздеу салынған күдіктілердің жаңа суреттері жарияланды
- деп хабарлайды Qamshy.kz.
Ақтөбе облыстық ІІД аса ауыр қылмыстар жасаған күдіктілердің жаңа мәліметтерін таратып отыр. Қазір жеті адамға іздеу салынған. Олардың бесеуі Ақтөбе, екеуі Қызылорда және Ақмола облыстарының тумалары. Ішіндегі ең үлкенінің жасы 34-те көрінеді. Полиция бұл күдіктілерді көрген немесе қандай да бір мәлімет білетін азаматтардың полицияға хабарласуын сұрайды.
«Барлық фамилялар анықталды. Жедел топ жұмыс істеуде. Нақты адамдар бойынша нақты жұмыс істелуде, тергеу жүруде», - деген болатын бұған дейін министр Қ. Қасымов.
Министр бүгінге дейін 18 лаңкестің өлтірілгенін, лаңкестерден 38 адам зардап шеккенін хабарлады.






