Ақтөбедегі терактіге қатысы бар тағы бір адам ұсталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ІІМ бресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.
«Бүгін сағат таңғы алтылар шамасында Қобда ауданы Қобда елді мекенінде Ақтөбедегі шабуылға қатысқан қылмыскерлердің бірі ұсталды. Қалған алты адамды іздестіру жалғасуда», - дейді А. Садубаев.
Естеріңізге салсақ, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында белгісіз азаматтар қару-жарақ дүкендерін тонап, Ұлттық ұлан әскери бөлімне шабуыл жасаған. Қарақшылардың қолынан барлығы сегіз адам қаза тапты. Полиция ұстау операциясы кезінде 13 қылмыскерді өлтіріп, 4-еуін жаралаған. Бұған дейін 7 қылмыскердің іздеуде екені хабарланған болатын.