Ақтөбелік лаңкестердің ВКонтакте желісіндегі парақшалары анықтылды , - деп хабарлайды Qamshy.kz yvision.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі ол парақшаларда діни мазмұндағы жазбалар көптеп жазылған.




Бұл суреттегі «Қара көздер» (Черноокие) деп аккаунт иесі жұмақтағы хор қыздарын айтып отырса керек. Жалпы, жиһадшылардың дені қарулы қақтығыста қаза тапсақ, жұмаққа, осы хор қыздарына жетеміз деп сенеді.
Бұған дейін Ақтөбе облысында лаңкестікке қатысы бар тағы бір күдікті ұсталғаны хабарланған еді.
Естеріңізге салсақ, 5 маусым күні Ақтөбе қаласында белгісіз азаматтар қару-жарақ дүкендерін тонап, Ұлттық ұлан әскери бөлімне шабуыл жасаған. Қарақшылардың қолынан барлығы сегіз адам қаза тапты. Полиция ұстау операциясы кезінде 13 қылмыскерді өлтіріп, 4-еуін жаралаған.