Ақтөбедегі жағдайға қатысты ІІМ өкілі Алмас Садубаев хабарлама жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz informburo.kz – ке сілтеме жасап.
Бүгін Елбасы қабылдауында болған ҰҚК төрағасы В. Жұмақанов таңертең Ақтөбе қаласындағы балалар лагеріне лаңкестер оқ жаудырғанын айтқан болатын.
Ал, ІІМ өкілі бұл ақпарат расталмады деп отыр.
«Бұл ақпарат ішкі істер органдарына түсті және тексерілді. Ол расталмады», - деген А. Садубаев.
Сондай-ақ, ІІМ өкілі «Ақ бөбек» бала бақшасында арнайы операция өтті деген ақпаратты да жоққа шығарған.
Қазір Ақтөбеде ішкі істер органдары күшейтілген режимде қызмет атқаруда.