Күннің күрт ысып кетуінен Алматы өзендері тағы тасуы мүмкін, - деп жазады Qamshy.kz.
БАҚ-тың жазуынша Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жақын күндері Алматы облысының тау өзендерінде су тасу қаупі бар екенін ескерткен.
«8-13 маусым аралығында ауа температурасының көтерілуі және Алматы облысы тауларында қардың еруінен су көлемінің артуы, жекелеген өзендерде су алу және тасу оқиғалары болуы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК 8 маусымда таратқан ескертуінде.