Kingdom Tower жобасының жүзеге асырылуы - үш жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе еді. Міне, енді ғана жоба толыққанды түрде қолға алынды, деп жазады hi-news.ru.
Сауд Арабиясындағы Джидда қаласында салынуы тиіс бұл ғимарат туралы сөз сонау 2000 жылдары-ак қозғалған еді. 2008 жылдан бері ол бірнеше рет қолға алынып, туындаған қиындықтарға байланысты бірнеше рет тоқтап қалған. Дәл қазіргі сәтте Kingdom Tower ғимаратының биіктігі шамамен 1007 метр болады, деп күтіліп отыр. Десек те, инженерлер оны бұдан да биік етіп салмақшы еді, белгілі бір себептерге байланысты ол ойларынан бас тартқан тәрізді. Алайда бұл мұнараның әлемдегі ең биік ғимаратқа жатқызылуына бөгет бола алмайды. Kingdom Tower-ден кейінгі екінші орында биіктігі 828 метр болатын Бурдж-Халифа ғимараты тұр. Ал үшінші орынды 2015 жылы салынып бітетін, биіктігі 660 метрге дейін жететін Пинань қаржы орталығы иеленеді. Айта кетейік, Kingdom Tower құрылысын британдық EC Harris and Mace компаниясы ағымдағы жылдың 27 сәуірінде бастамақ.