Кедендік одақ - труба ма? Жұмыстан шаршап жаңа ғана келгем. Шай-суымды ішіп алып, "хочу забыться!" деп "Хабарды" қосқам ғой. Өскемендегі университеттің оқытушысы сөйлеп жатыр. "Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан жалғыз мемлекет!" дейді ғой, шіркін! Ең болмаса, Украина мен Беларусьтың да бас тартқанын "Хабардың" продюсерлері білмейтін болғаны ғой. Жә, оны қойшы. Одан кейін Атыраудағы желім құбырлары зауытының директоры сөйлесін. Сөйлегенде бүй десін: "Бұрын біздің өнімді сату қиын еді. Таможенное оформление деген бар еді. Қазір Кедендік Одақ жұмыс істегелі кәсіпорынымыз керемет өрге басты. Ресей тауарымызды түк қоймай алып жатыр. Ал біз өркендеп жатырмыз. Бла-бла-бла... Түк түсінбедім: сонда біз Кедендік одаққа труба сату үшін ғана кіргенбіз бе? Әлде Кедендік одақ дегеніміз труба ма? Хабар, хочу забыться!.. Түсіндіріп жіберші, а?