Әлемде 20 млн. адам құлдыққа тартылған

/uploads/thumbnail/20170708151723723_small.jpeg
Олардың 20%-ын адам саудасы құрайды.
Мамандардың айтуынша, адам саудасы табыстылығы жөнінен 3-орында тұр. Мұндай құрбандар ресми және бейресми еңбек нарығында адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп, үй күтушісі, қайыршылық тәрізді жұмыстарға тартылып жатады. Ең өкініштісі, көлеңкелі бизнестің бұл түрі елімізде де кездеседі. Аталған мәселе төңірегінде БҰҰ заманауи құлдықтың түрлері жөніндегі арнайы баядамашысы Гюльнара Шагинян тілшілермен кездесуінде ой бөлісті. Оның айтуынша, бұл – барлық әлемді жаулаған мәселе. Онымен күресу қажет, сондықтан арнайы зерттеу топтарын құрып, өңірлерге жіберіп, нақты статистиканы анықтау керек. Саны мен себептері белгілі болған жағдайда күрес мәселесі де оң нәтиже береді. Гюльнара Шагинян, БҰҰ заманауи құлдықтың түрлері жөніндегі арнайы баяндамашыcы: - Мен Қазақстанға 2-мәрте келіп тұрмын. Осыған дейін Бразилия, Перу елдерінде болып, өзімнің ұсыныстарымды айттым. Кез келген мемлекетте қандайда бір жаңа заң жобасы немесе өзгертулер жасалса, құлдықтың зардабы бар аймақтарда зерттеу жүргізілуі керек. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдануы қажет. Мұндай шараларға мемлекеттік органдар, азаматтық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуы тиіс. http://24.kz

Қатысты Мақалалар