Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламент депутаттарын қабылдады

/uploads/thumbnail/20170708151723107_small.jpg
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропарламенттің депутаттары Элизабет Йеггл мен Даниель ван дер Ступты қабылдады.
Меймандардың өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі ҚР Парламенті Сенатының рөлі, еліміздегі саяси партиялардың қызметі, ұлтаралық келісімнің негізі туралы әңгімеледі. Төраға мемлекеттің адам құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстары басым бағыты екендігін атап өтті. Еуроодақпен ынтымақтастық мәселелеріне қатысты ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы қазіргі кезде Қазақстан Еуроодақпен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісім әзірлеуге мән беретінін атап өтті. Әңгіме барысында ЕҚЫҰ парламенттік ассамблея аясындағы өзара іс-қимылы, Гаагада өткен ІІІ Ядролық қарусыздану жөніндегі саммит қорытындылары, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру мәселелері де қозғалды.

Қатысты Мақалалар