Тірі қалған шекарашы Владислав Челах қызметтестерін қырып салғанын мойындады

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Ал жаңа ғана пайда болған мәліметтерге қарағанда, қанды сойқаннан жалғыз өзі тірі қалған Владислав Челах 14 шекарашының өлімін өз мойнына алған. «Интерфакс» агенттігінің сенімді дерек көздеріне сілтеме жасай отырып  хабарлауынша, 19 жастағы қарағандылық сарбаз тергеу кезінде қасындағы қызметтестерін қырып салғанын айтыпты. 

Қалай, не үшін өлтірді бұл жағы әзірше беймәлім. Десек те, бұл сұмдық ақпаратты ресми орындар әлі растаған жоқ. Сондай-ақ шекарашыларға тиесілі жоғалған жылқылар да табылды деген ақпарат бар. Іс кесушілер тұяқтыларды тау бөктерінде жайылып жүрген жерінен жолықтырған. Ешқандай жарақаттары жоқ. Сол күйінде шекара бекетіне айдалып әкелінгенкөрінеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар