«Самғап келе жатқан» көгілдір түсті кішкене құстың оңайлатылған суреті Twitter-дің жаңа логотипі болмақ, құстың «көзі» үстіңгі оң жаққа қаратылды. Бұл логотип қолданыстағы төрт иконканың: «twitter» сөзінің, квадраттағы «t» әрпінің, сонымен қатар оңға «қарап» тұрған оңайлатылған және толығырақ суреттелген кішкене құстың орнын басады. Осы белгілердің барлығы көгілдір түсте бейнеленген, деп хабарлайды Лента.ру. Жаңартылған кішкене құс қиылысатын үш шеңбердің жиынтығы, делінген блогта. Twitter бұны пайдаланушылардың желілері, идеялары мен қызуғышылықтары олардың әріптестері мен достарымен қиылысатын ұқсастық ретінде көреді. Жаңа логотип және оны пайдалану ережелері арнайы бетте орналасқан. Атап айтқанда, ереже ескі логотиптерді қолдануға және жаңасын өзгертуге тыйым салады. Twitter 2006 жылы жұмыс істей бастады. Наурыз айындағы жағдай бойынша қызметтің күн сайын 340 млн-нан астам жазбаны жариялайтын 140 миллион белсенді пайдаланушысы бар.
Пікір қалдыру