Н. Назарбаев: Aстана төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда болды

/uploads/thumbnail/20170709030032285_small.JPG

Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл желекті аймағын аралады. Аталмыш шара аясында Елбасы «Жасыл аймақ» РМК «Ақ қайың» орман тұқымбағының арборетцмы мен ағаш тұқымының плантациясы жұмыстарымен танысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

"Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңізбілеіздер. Біз1998 жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Содан бері, міне, 18 жыл өтті. 18 жыл деген кәмелетке толған, азамат болған кез деп санауға болады. Бірақ, жасөспірім, жаңадан өсіп келе жатқан жаспен бірдей. Сол кезден бастап қаланың төңірегіне орман егуді тапырдым. Жастар білмейді, біз білеміз, Алматыдан жаңа көшіп келген кезде, қаланы шаң басып кететін. Төрт жақтан соққан жел адамды құлатып кететін. Сондықтан, ағаш отырғызуды бастадық. «Астананың төңірегінде жер қолайлы емес, тас, құм, орман шықпайды» деп қарсы тұрғандаркөп болды. Дегенмен, елорда болғаннан кейін, төңірегі орман болмаса, бақ болмаса, онда елдер қайда шығып демалады, қайда барады? Мінекей, қазір өздеріңіз көріп отырғандай, Астананың төңірегінде 73 мың гектар бұрын болмаған орман пайда болды. Алпыстан астам ағаш сорты өседі. Оның ішінде, алма да бар, жидек те бар, бәрі бар. Тыңды игерген кезде трактордың дауысынан қашып кеткен жәндіктердің бәрі қайтап келді. Орманда түлкі де бар, елік те бар, қоян да бар, қырғауыл да бар. Сондықтан, біріншіден, Астанадағы ауаның тазалығы, екіншіден, шаң жібермейін, үшіншіден, желді ұстайтын қорған. Орманы бардың қорғаны бар деп қазақ бекер айтпаған. Сондықтан, болашақта Астана тұрғындары мен жастарға жасап жатқан жағдай деп айтуға болады", - деді Елбасы.

Қатысты Мақалалар