Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапония мен Оңтүстік Кореяға ресми сапары жоспарлануда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов халықпен кездесуінде мәлім еті.
«Биыл Мемлекет басшысының Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапары жоспарланып отыр. Мұнда негізгі басымдық біздің әріптестіктің экономикалық қырларына беріледі. Әрине, бізде саяси саоада да әңгімеге арқау болатын тақырыптар бар», - дейді Сыртқы істер ведомствосының басшысы.
Сондай-ақ, биыл Елбасы Қырғызстанға, Сауд Арабиясы мен Иорданияға да сапар шегетіні белгілі болды.