ҚазҰУ командасы II республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиынында жүлделі орын алды

/uploads/thumbnail/20170709030237850_small.jpg

2016 жылдың 13 - 18 маусым аралығында Қарағанды облысының "Спасск" полигонында II республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиыны өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Оқу орталығында жазылған шатырларында 800-ден аса жастардың басы қосылды. Олар республиканың барлық өңірінен келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, сондай-ақ республикалық әскери-мектеп интернаттарының және 26 жоғары оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері.

Жиынды салтанатты түрде ашқан Қорғаныс Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов. Ашылу салтанатында жас патриоттарға, болашақ Отан қорғаушыларына ҚР ҚМ құрметті қарауыл ротасының әскери қызметшілері өз шеберліктерін, спецназ жауынгерлері өз күштері мен бейімділіктерін көрсетті. Елдің Әскери-әуе күштері мен Құрлықтағы әскерлерінің бөлімшелері өзара әрекеттесіп шартты қарсыластың шабуылдауына тойтарыс беру бойынша арнайы операциясын орындады. Есте қалатыны, "Айбын" жиынына биыл Қазақстан жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларының қыз-курсанттары да қатысты.

Спорттың әскери-қолданбалы түрлері, әскери-далалық тактикалық ойындар, робототехника сайысы және "Айбын дарыны" интеллектуалды сайысы бойынша ең үздіктер Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрі Иманғали Тасмағамбетовтың қолынан  өз жүлделері мен сыйлықтарын алды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедра студенттері барлық сайыстар мен жарыстарға қатысты. "Айбын дарыны" интеллектуалды жарысының иегері - Есенов Досбол, ал жеке сынақта 52 қыздар арасынан 2 орынды студент Өмірсерікқызы Айнұр болса, "Менің роботым" номинациясында "Ең үздік жоба және үздік техникалық құжаттама" үшін 1 орынды студент  Рахатов Дастан иеленді.

Әскери-патриоттық "Айбын" атты жастар жиынының қорытындылары бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедраның командасы 26 қатысқан командалар арасынан 3 жүлделі орынды алды. 2015 жылы біздің команда жалпыкомандалықта 13 орын алған. Бұл жетістік профессорлық-оқытушы құрамы мен әскери кафедра студенттерінің жемісті еңбектерінің нәтижесі болып табылады.

Эльнара Бейсетбаева

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ әскери кафедрасының әскери-патриоттық және жаппай-қорғаныс жұмыс бөлімінің бастығы

Қатысты Мақалалар