Әділбек Жақсыбеков – Президент Әкімшілігінің жетекшісі

/uploads/thumbnail/20170709030252459_small.jpg

Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың Туиттердегі 

Президент Жарлығымен Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. Бұл лауазымды бұған дейін Нұрлан Нығматуллин атқарған болатын. Оның бүгін Мәжіліс депутаттығына сайланғаны белгілі болды.

Ә.Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген. Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін, Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары:

Қазақ КСР Мемкино жүйесінде, материалдық-техникалық жабдықтау органдарында жұмыс істеп, кәсіпорындарға басшылық еткен.
1988-95 жж. көпсалалы «Цесна» корпорациясының басшысы.
1995 ж. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланады.
1996 ж. Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалады.
1997 ж. желтоқсанынан 2003 ж. маусымына дейін Астана қаласының әкімі.
2003 ж. шілдесінен 2004 ж. желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.

2004 ж. желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы.
2008 ж. қаңтарынан Нұр Отан халық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2008 ж. қараша айынан Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2009 ж. маусым айынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2014 ж. қазан айында Астана қаласының әкімі болып қызмет ақарды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», III дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі князь Ярослав Мудрый (Украина) ордендерiмен, басқа да үкіметтік наградалармен марапатталған.
Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін Қазақстан Республикасының 2008 жылғы мемлекеттік сыйлық иегері.
«Зажечь звезду-столицу», «Так начиналась Астана. Записки первого акима столицы» кітаптарының авторы.

Қатысты Мақалалар