Алматы көшелеріндегі бүлінбеген бордюрлер не үшін ауыстырылуда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709030639400_small.jpg

Алматы көшелерінде орнатылғанына көп болмаған, еш бүлінбеген жол жиегіндегі бордюрлер жаппай қайта ауыстырылып жатыр, - деп Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. 

Ал кеше ғана нөсер жауында судың астында қалған Алматыны сынаған үкімет басшысы,  Бауыржан Бәйбекке қонаққа келетінін ескертті. Көшелердің суға толуына Алматыға 28 өзен мен жаңадан қосылған елдімекендер кінәлі деген қала әкімі,  тасқынның алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр деп айтқан болатын.

Алматының бірнеше бөлігінде жауыннан кейінгі тасқынның алдын алу жұмыстары жүріп жатса, өзге бөлігінде он шақты техника мен 40-50 жұмысшы бірнеше күннен бері жол жиектемелерін алмастырып әлек. Тек орнатылғанына көп болмаған еш бүлінбеген, бүтін жиектемелерді неліктен жаңасына ауыстырып жатқаны түсініксіз. Мұнда құрылыс жұмыстырын жүргізіп жатқан мекеме өкілдері бұл әкімдіктің тапсырысы дегенді айтады.

Бұл әл-Фараби даңғылынан халықаралық шаңғы трамплині кешеніне апаратын жол. Ұзақтығы бір шақырымдай болатын осы жолдың қос қапталындағы жиектемелер түгелдей ауыстырылып жатыр. Бейресми мәлімет бойынша орнатылып жатқан гранит жиектеменің бір метрі 7 мың теңгеден.

- Ешқандай бүлінбеген ғой. Бүп-бүтін.

- Мен білмеймін ғой.

- Сіздерге біреу ауыстыр деді ма?

- Иә, акимат қой. Конечно, акимат. Мынау песчанный болған, анау гранит.

Қаланың өзге көшелерінде де жиектеме ауыстыру жұмыстары қызып тұр. Мәселен, Сейфуллин даңғылының Тимирязев көшесімен қиылысар тұсында бірнеше күннен бері осындай жұмыс жалғасуда. Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысар тұсында да жаңа жиектеме орнатылуда. Ал, нөсер жауын кезінде өзен боп аққан тасқын үшін арық жүйесін жақсартпаған Алматы билігіне кеше Кәрім Мәсімов те зілді ескерту айтқан.

КӘРІМ МӘСІМОВ, ҚР Премьер-министрі:

- Я планирую в ближайшие время приехать к вам. Хочу на месте посмотреть то о чем вы сейчас говорили. Прямо ногами с вами пройдем. И посмотрим. Все что вы сказали и все что на самом деле. Я потом дату определю. 

Бір күнде судың ортасында қалған Алматы әкімі премьерден мұндай жауап күтпеді ме артынша қала көшелерінде арықтарды тазарту жұмыстары қарқын алды. Әсіресе, жолайрықтарда тазарту жұмыстары кешелі бері тынымсыз жүріп жатыр. Ал күн райын болжағыштар 22-23 маусымда нөсер жауын болады деген.

Қатысты Мақалалар