Ақмоладағы атыстың анық-қанығы неге айтылмай отыр? Желіде төбелес сәті түсірілген жаңа видео жарияланды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709030651947_small.jpg

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі «Қазақалтын» АҚ жұмысшылары мен күзетшілері арасындағы кикілжіңнің анық-қанығы әлі күнге айтылмай отыр, - деп Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. 

Бестөбедегі «Қазақалтын» жұмысшылары мен күзетшілері арасындағы дау әлі шешілер емес. Қос тарап өз айтқанынан танбаған соң, бұл жағдай бойынша тағы бір жиналыс өтпек.

Бүгін біздің редакцияға Бестөбедегі жағдай туралы жаңа бейнежазба келіп түсті.  Осы бейнетаспада сыртқа беттеген кеншілерді қолдарына таяқ ұстаған бірнеше жігіттің кіре салып ұрғаны анық көрінеді. Жұмысшылар да қорғанып қол жұмсағаны да түсіп қалған. Видео осы жерден үзілген соң оқиғаның ары қарай қалай өрбігені белгісіз. Белгілісі төбелес соңында күзетшілердің оқ атып, 10 адамды жаралағаны. Әзірге құзыретті органдар қосымша ақпарат бермей отыр. 

Қатысты Мақалалар