Алты балалы отбасы Қаскелеңде далаға түнеп жүр

/uploads/thumbnail/20170709030657228_small.jpg

Алматы облысының Қаскелең қаласында алты балалы отбасы бірнеше күннен бері далаға түнеп жүр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Алты баланың анасы Мәдина Мұқашева жалдамалы пәтердің ақшасын уақытында тауып бере алмағандықтарын айтады. Ақша тауып бере алмаған соң қожайын қуып шыққан. 

«Бұрын үйіміз болған. Алматыда. Бірнеше жыл бұрын қызымыздың көзіне операция жасатуға ақша керек болып сатып жібердік. Баламыз төрт бірдей операциядан өткенімен, қайтыс болып кетті. Өзіміз пәтерсіз қалдық. Міне, 12 жыл боды, әр үйдің табалдырығын тоздырып жүрміз», - дейді М. Мұқашева.

«Күйеуімнің жасы – елу алтыда. Құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Желтоқсаннан бері айлықтарын бермеді. Кеше Алматыдан оралмады. Қалтасында ақшасы жоқ автобусқа төлейтін. Алты баламен пәтер табу да қиын», - деген келіншек өзінің де, балаларының да тұрақты тіркеуде жоқ екенін айтады.

Мұқашевтар отбасы бүгін де далада түнеуі мүмкін. Олар қамқор жандардың табылатынына, мына қиын жағдайдан шығуға көмектесетініне сенеді. Алты баламен далада қалған отбасыға материалдық көмек көрсетеміз деушілер үшін Мәдина Мұқашеваның телефоны: 87474989846

Қатысты Мақалалар