Шымкенттік журналистер халықтың жер сатуға қарсы екенін неге жазбайды?

/uploads/thumbnail/20170709030702650_small.jpg

Оңтүстік халқы жердің сатылуына қарсы екенін ақыры ешбір журналист жазбады...

Кеше Шымкент қаласындағы «Азия» қонақ үйінің конференц-залында бір парламенттік партияның жергілікті бөлімшесі жер туралы дөңгелек үстел өткізді.
Қатысушылардан Шаруа Пірмат, Жанысбек Өтеген, Жарқынбек Сейтімбет, Жаңабек Әбішев, Өмірзақ Ақжігітті таныдым. Басқаларын танымадым.
Осы азаматтардың бәрі сөйлеп тегіс сөйлеп, жердің сатылуына қарсы екендіктерін білдірді.

Өзбекстаннан оралған ағайындардан болса керек, бір азамат «Жерді қытайға жалға бергенше, түбі бір Өзбекстандықтарға жалға беру керек», - деді.
Сөз реті келгенде менің айтқаным мынау болды. 

1. «Асап тоймаған, жалап тоймайды» деген сөз бар. Жерасты байлықтарын сатып байымағанда, жерді сатып байымайтынымызды бәріңіз біліп отырсыздар.

2. Бәріміздің көксегеніміз тұрақтылық! Кезінде колхоз-совхоз ыдырағанда пайға алған жерінен біреу аңқаулықтан, біреу жалқаулықтан айырылып қалды. Енді сол азаматтардың балалары өсті. Олардың көпшілігі ауылдан да, қаладан да орын таппай жүр. Мына жерде отырғандарыңыздың барлығыңыздың қарныңыз тоқ, көйлегінңіз көк. Ал анау жастардың жағдайын кім ойлап жатыр? Ертең сіздерге тұрақсыздықты сол жастар жасап береді деп ойламайсыздар ма?
3. Тау баурайларындағы өзендердің жағалауларының бәрін біреулер қоршап қойған. Тіпті демалмақ түгілі, жақындап су алу мүмкін емес. 
- Оны кімдер қоршаған?

- Заң орындары қайда қарап отыр? 

- Заңда көрсетілген «Водоохранная зона» деген қайда қалды?

Жиынның материалы мүмкін Қазекеңде бар шығар? Жергілікті бірнеше журналист сол залда отыр еді. Олар да үнсіз. Әсекең – Әсет Әссәнди ол туралы ештеңе жазбады ма?

Өмір Шыныбекұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар