Қазақстан блоеһгерлері альянсының жетекшісі Ғалым Байтоқ қазақстандықтарды келер жылы өтетін «Астана EXPO-2017» халықаралық көрмесінің билеттерін сатып алмауға шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Блогер бұл туралы өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді.
«Адамдар! Сіздер EXPO-2017 билеттерін не үшін сатып алып жатырсыздар? Біріншіден, ұйымдастырушылар бізде билет сатумен айналысатын лайықты компания жоқтай көрме билеттерін сатуды ресейлік компанияға тапсырды. Екіншіден, қашанғы халықтың қалтасынан күн көруге болады? Онсыз да қаншама халық ақшасы осы құрылысқа кетті, қаншамасы жемқорлардың қалтасында қалды. Енді онымен қоймай халық ол көрмеге тағы билет алуы керек пе? » Үшіншіден, қайда асығасыздар? Осы жерде өзіміздің дәстүрлі «Сатып алғанда соңынан бар» қағидасын іске қосыңыздар. Мұнда Старбакске тұрғандай кезек болмайтынына сендіремін. Ең бастысы, шетелдіктер билет сатып алса бір жөні, ал, жоғарыда айтылғандарды ескерсек, қазір кім билет сатып алса, ол қатты алданады», - деп жазады Ғ. Байтоқ.
