Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Владимир Жұмақанов ҚР лаңкестікке қарсы орталығының отырысын өткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz комитет сайтына сілтеме жасап.
Орталықтың кезекті 16-отырысында 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалысы сөз болды.
Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырысында қойған тапсырмалары пысықталған.
Жиында сонымен бірге, Елбасының халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі Ғаламдық желі құру туралы бастамаларын сыртқы саясатта таныту бойынша нақты қадамдар анықталған.