Сот-психиатриялық сараптаманы Әділет министрлігі жүргізетін болды

/uploads/thumbnail/20170709031022403_small.jpg

«Сот-сараптау қызметі туралы» Заңының жаңа жобасы әзірленді. Бұл заң жобасында жекеменшік сот-сараптау қызметін дамытуға ерекше назар аударылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сот сараптау орталығының директоры Исидор Борчашвили  бұдан былай Қазақстанда сот-психатриалық сараптама жүргізуді Әділет министрлігі жүзеге асыратынын мәлімдеді.

«Бір аптадан кейін сот-психиатриялық сараптама жүргізу біздің құзыретімізге өтеді. Осылайша, Әділет министрлігі аясында барлық сараптау мекемелерін біріктіру үдерісі аяқталады. Біріктіру жүріп жатқандықтан біз елдегі сот-сараптау қызметін дамыту тұжырымдамасын әзірледік», - деп атап өтті Борчашвили.

Қатысты Мақалалар