Ұлыбритания халқы Еуроодақ құрамынан шығуды таңдады

/uploads/thumbnail/20170709031019075_small.jpg

 Ұлыбританиядағы ЕО құрамынан шығу туралы референдум аяқталды - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ұйым құрамынан шығуды жақтағандар саны жалпы референдумға қатысқандардың 52 пайызын құраған.

Референдумға сайлаушылардың 71,8 пайызы – 30 миллионға жуық адам қатысқан. Лондон мен Шотландия тұрғындары ЕО құрамында қалуды қолдап дауыс берсе, Англияның Лондоннан тысқары аймақтары мен Уэлс халқы керісінше ұйым қатарынан шығуды жақтаған.

Естеріңізге салсақ, 23 маусымда Ұлыбританияда ЕО-ға мүшелік туралы референдум өтті. Ел тұрғындары «Біріккен Корольдік Еуропалық одақ құрамында қалуы керек пе?» деген сауал арқылы елдің сыртқы саясаттағы негізгі векторын анықтады.

Осы ретте референдум нәтижесін орындау Үкіметтің еркіндегі мәселе екендігін де айта кету керек. Алайда, осы референдумды өткізу бастамасының өзі одақ құрамында қалуды қолдаған Премьер-министр Д. Кемеронға тиесілі болатын.

Қатысты Мақалалар