Қазақстан-Қытай шекарасынан ұялы телефондарды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709031014700_small.jpg

Кеше 23 маусымы күні Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекарада орналасқан «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары ұялы телефондарды шекара арқылы заңсыз алып өтуге тырысқан екі азаматшаны ұстады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бірінші жағдайда, түнгі 23 сағат 48 минутта 1969 жылы туған Жолғаева есімді азаматша ұсталып, оның жүктерінің арасына жасырылған 47 дана ұялы телефон табылды.

Арада 5 минут өткенде шекаралық тексеруге келген 1970 жылғы Бордиева есімді азаматшаның да жүктерінің арасынан тиісті құжаттары жоқ 50 дана ұялы телефон шыға келді.

Аталған екі әйел де Қазақстан азаматшалары болып шықты.

Ұстау деректеріне қатысты материалдар «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Қатысты Мақалалар