Жақында қоғамдық денсаулық сақтау қызметi құрылады

/uploads/thumbnail/20170709031013247_small.jpg

Қазақстанда қоғамдық денсаулық сақтау қызметi құрылады. Жаңа қызмет санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, салауатты өмiр салты қызметi мен тамақтануды оңтайландыру саласын бiрiктiредi. Бұл туралы қоғамдық кеңес алдында есеп берген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлiмдедi, - деп хабарлайды Qamshy.kz  BNews.kz – ке сілтеме жасап.

«Қазiргi таңда министрлiк алдында қойылған мiндет – басқарудың жаңа жүйесiн құру. Бұл дегенiмiз – жиi ауыратындар арасында ғана емес, сау адамдар арасында да аурудың алдын алу жұмысы. Осыған байланысты бағдарламада 2 бағыт қарастырылған. Бiрiншi бағыт – қоғамдық денсаулық сақтау қызметiн құру. 2014 жылдың соңында бiз «Саламатты Қазақстан»  бағдарламасының жүзеге асу барысы жөнінде ведомство мен басқа мемлекеттiк органдардың жұмысын бағалау үшiн Дүниежүзiлiк банк сарапшыларын тартқан болатынбыз. Аталған банк қоғамдық денсаулық сақтау қызметiне қатысты ұсыныстар жасап, проблемаларды да анықтады», - дейдi Т.Дүйсенова.

Министрдiң айтуынша, банк санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң (СЭҚ) денсаулық сақтау жүйесiнен бөлiнуi жақсы нәтиже бермегенiн анықтады. Бүгiнгi таңда СЭҚ функциясына кең тараған ауруларды тiркеу ғана кіреді. Яғни, олар мониторинг пен жоспар жасап, аурулардың алдын алмайды. Осыған орай, жаңадан құрылатын қызмет СЭҚ, салауатты өмiр салты қызметi мен тамақтануды оңтайландыру саласын бiрiктiредi. Қызметтiң мiндеттерiне қауiптердi анықтау, халықты ақпараттандыру, ауру туындауының бастапқы себептерi мен зардаптарын анықтау кiредi.

Қатысты Мақалалар