Жамбылдық полицейлер Тараз қаласында өткен жексенбіде орын алған атысқа қатысты күдіктілердің бірін ұстады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Тараз қалалық №2 соты оны 20 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.
Күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынған Әлібек Тұраров 1992 жылы туған. Қазір тергеу жұмыстары жүруде.
Естеріңізге салсақ, 19 маусым күні Тараз қаласында атыс болып, учаскелік инспектор мен бір күдікті жараланған. Полиция атысқа қатысы бар күдіктілердің ешқандай діни экстремистік топтарға қатысы жоғын хабарлады.