Сібір жарасын жұқтырғандар Шығыс Қазақстаннан да шықты (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709031223514_small.jpg

Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында да сібір жарасын жұқтырған екі адам анықталды. Терісіне белгісіз бөртпелер шығып, ауруханаға түскен тұрғындардың күйдіргіге шалдыққанын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзі растады, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.​ 

Сондай-ақ Тамара Дүйсенова отағасының өліміне дәрігерлерді айыптап отырған Қарағандыдағы қайғы жамылған отбасына жауап берді.   

Сібір жарасынан көз жұмған Кәкен Қажкенов аман қалар еді... Марқұмның ұлы екі күн емхана есігін тоздырған науқас әкесіне тірі жанның көмектеспегенін айтып, осылай деп шағымданып отыр. Ұлының сөзінше, демалыс күні облыстық ауруханада  кезекші дәрігер болмай, әкесін 200 шақырымға, ауылына кері қайтарып жіберген.

НҰРТІЛЕУ СИЯЗБАЕВ, Кәкен Қажыкеновтың ұлы:

- Қабылдамаймыз, бүгін сенбі, ертең жексенбі. Дүйсенбі бір-ақ келіңдер. Бізде дәрігерлер бүгін жұмыс істемейді деп қайтарып жіберді. Жатқызбаса да бізді, анализ алулары керек еді, табатын еді ауруды. Ісікті көре тұра, жараны көре тұра, біз айттық ауылда бірнеше адамда бар ауылда деп, олар сұрайды бізден: өздерің қалай ойлайсыңдар деп.

«Үш ауруханаға бардық, ешқайсысы есік ашпады» деп ашынған отбасына неге уақытылы көмек көрсетілмегенін министрдің өзі бүгін түсіндіріп берді.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Денсаулық сақтау және даму министрі:

- Человек пришел и сказал что порезал руки. Не было информаций у мед.организации о том что возможно там есть сибирская язва. Первое, позднее обращение, второе: настороженности не было. Не было информации у мед.организации да и сам пациент не сказал что порезал руки во время забоя скота.

Науқас айтпаса, дәрігер де сұрамаған сыңайлы. «Қатерлі дертке шалдыққанымызды» қайдан білейік деп шамданған отбасы ақ халаттыларды тексеруді сұрап отыр. Министрлік мұны өз қолына алыпты. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында сібір жарасын жұқтырған екі адамның денсаулығын Тамара Дүйсенова бірқалыпты деді. Олар күйдіргіге шалдықты деген күдікпен бірнеше күн бұрын ауруханаға түскен болатын.  

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Денсаулық сақтау және даму министрі:

- Қазіргі жағдайлары бірқалыпты, олардың өміріне үлкен қауіп төніп тұрған жоқ.Қарағандыда ауырып жатқан 7 азамат бойынша мед көмек көрсетіліп жатыр.

Жауаптылар ажалға айыптыны іздеп дал болса, әлеуметтік желі қазір нағыз дүрлікпеге айналған. Көкшетау, Орал мен Алматы тұрғындарына кешеден бері қалада жарадан көз жұмғандар көбейді, ет алу қауіпті деген аудиохабарлама «Ватсап» арқылы тарай бастаған.

Тіпті, сүттен сырқат жұқтырғандар бар деп адамдарды алаңдатқан арандатушылар көбейіп жатыр. Сүт компанияларының бірі хабарлама таратушыларды тауып, сотқа беруді сұрап отыр. Ал ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратушылар анықталып, міндетті түрде жазасын алады деп сендірді.

 

Қатысты Мақалалар