Қымбат италиялық костюм-шалбар киетін шенеуніктер жазаға тартылуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709031225858_small.jpg

Бұдан былай қымбат италиялық костюм-шалбар киіп, Швейцария сағаты мен бриллиант тағатын шенеуніктер жазаға тартылуы әбден мүмкін. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бүгін мұның жай сөз емес, нақты қимыл екендігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.​

 МАҚСАТ МУСИН, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы:

- Внешний вид определяется из общих морально-этических норм госслужащего. А соответствие или несоответствие будет определяться уполномоченным по этике, дисциплинарными комиссиями в государственных органах.

Өйткені, шенеуніктердің арасында шет елде киім тіктіріп, Италия, Франциядан костюмінің дизайнын алдыратындар жетерлік. Мемлекеттік қызметкер барынша қарапайым болу керек делінген жаңа талап қойылғаннан кейін шенеуніктер коммунистік кезеңдегі киім үлгісіне көше ме, ол жағы әзірге белгісіз. Ал, халық олардың тек сырт келбетін ғана емес, жеке көлігі мен тұрғын үй сияқты меншікті мүліктеріне де бақылау орнату керек деп есептейді.

Қатысты Мақалалар