"ВКонтакте" желісіндегі порнотоптарға 30 мыңнан астам Қазақстандық бала жазылған

/uploads/thumbnail/20170709031237030_small.jpg

Елімізде 30 мыңнан аса бала "ВКонтакте" желісіндегі порнотоптарға жазылған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттің Қаратау аудандық прокуратурасының өкілдері "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне жүргізілген бақылаудан порнографиялық материалдары бар 63 топты анықтаған. 

"Бұл топтарға 8 200 000 адам жазылған. Олардың 31 247-сі қазақстандық кәмелет жасына толмағандар және 2 054-і шымкенттік балалар", - делінген ОҚО прокуратурасының сайтында.

Мәселен, "СЕКС" деп аталатын қоғамдастықта 700 000 адам бар екен, олардың 3 700-і қазақстандық балалар, Шымкенттен - 229 бала.

"Кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналары олардың Интернетте қандай әлеуметтік желілерде отыратынын, кімдермен сөйлесетінін күн сайын бақылап отыруы тиіс. Ата-аналардың бақылауы маңызды, себебі балаларының мұндай Интернет парақшаларында отыруы қауіп туғызуы мүмкін", - деп кеңес беріп отыр прокуратурадағылар.

Қатысты Мақалалар