Қазақстандық ауыр атлеттерге Олимпиадағы қатысуға рұқсат берілді

/uploads/thumbnail/20170709031251171_small.jpg

Бірнеше елдің жарысқа қатысу құқығынан айырылған ауыр атлет командаларын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқару комитетінің отырысынан кейін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатыстыру жөнінде шешім қабылданды, - деп хабарлайды Qamshy.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Атқару комитетінің мүшелері үш күн бойы жабық есік жағдайында жұмыс істеп, БАҚ-пен байланысқа шыққан жоқ. Ресей, Беларусь,  Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасына қатысу-қатыспауы жөніндегі мәселе соңына дейін көпшіліктің талқысына түсті. 

Атқару комитеті мүшелерінің бірі: «Олимпиадаға он емес, сегіз адам барады. Бұл Қазақстан, Беларусь, Әзербайжанға да қатысты»  - деді.

Конгресс жұмысы өте күрделі жағдайда өтті. Қатысушылар соңғы сәттерге дейін таныстырылымдар өткізіп, әр командадағы допинг дауларын талқыға салды. Қазір конгресс аяқталып, қатысушылары әуежайға аттанды.

Қатысты Мақалалар