Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің халықпен есеп беру кездесуі өтті, онда ведомство басшысы бес айда жүргізілген жұмыстың қорытындысы және 2016 жылдың соңына дейінгі қойылған міндеттер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамытуға ерекше назар аударылды. Министрліктің деректері бойынша 2016 жылдың 5 айында 3,9 млн. шаршы метр астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінің көлемінен 20,2% артық. Нәтижесінде 33 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазақстан ипотекалық компаниясының желісі бойынша 2016 жылы жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22,5 млрд. теңге бөлінді.
«2016 жылдың қорытындысы бойынша 371,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл 6 521 отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді» - деді Бишімбаев.
Қазіргі уақытта Қазақстанның үш облысында (Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстары) 410 пәтер пайдалануға берілді. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 345,1 мың шаршы метр немесе 6111 пәтердің құрылысы жүріп жатыр.
Бұдан басқа, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат есебінен 2016-2017 жылдары: 324,1 мың ш. метр жалдамалы тұрғын үй (шамамен 5 400 пәтер); 908,6 мың ш. метр жалдамалы тұрғын үй (шамамен 15 144 пәтер); 498,1 мың ш. метр коммерциялық тұрғын үй (шамамен 10 659 пәтер) салынатын болады.
Министр, экономиканың өсуі үшін ынталандырулардың бірі тұрғын-үй құрылысын ұлғайту, оның ішінде жеке тұрғын-үй құрылысы. Бұл ретте құрылысқа бөлінген алқаптар тұрғын үйлер салу алдында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс екендігін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Үкіметке 2016 жылдың екінші жартыжылдығында экономикалық өсуді ынталандыруға, оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым жүргізуге қосымша қаражат бөлуді тапсырды. Осы мақсаттарға шамамен 23,9 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 мың км. жуық инженерлік желілер салынатын болады», - деп хабарлады Бишімбаев.