Қазақ дикторы – Халықаралық радиобайқау лауреаты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709031349437_small.jpg

Қазақстандық диктор Мұхамедәли Болатұлы Мәскеуде өткен «Говорим как Левитан» радиобайқауына қатысып, төртінші орынды жүлделеп қайтты , - деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мұхамедәли байқауда майдан хабарын қазақ және орыс тіліндже оқып беріп, байқау ұйымдастырушыларын тамаша даусымен таң қалдырған. Мәскеу астанасында оған арнайы диплом табыс етілді.

Кеңестік ақпарат бюросының 75 жылдығына арналған байқауға әлемнің 10 елінен барлығы 109 радиожүргізуші қатысқан.

«Мына интернет заманында біздің «левитандығымыз» көрінбей қалады. Бірақ, біз оның жолын абыроймен жалғауға барымызды саламыз», - дейді Мұхамедәли Болатұлы.

Қатысты Мақалалар