Астанада түнгі клубтан шыққан соң, із-түзсіз жоғалып кеткен 33 жастағы Балдырған Сыбанбаеваның денесі табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Астана қалалық ІІД-ге сілтеме жасап.
"26 маусым күні шамамен сағат 12.00 кезінде Пригородның ауылының маңындағы орман алқабында із-түзсіз жоғалған азаматша Сыбанбаеваның денесі табылды. Оның денесінен зорлық белгілері байқалады", - делінген ІІД таратқан баспасөз хабарламасында.
Қыздың өліміне байланысты соталды тергеу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, 19 маусымда Астана қалалық ІІБ кезекші бөліміне Астана қаласының тұрғыны хабарласқан болатын. Ол 18 маусымда шамамен сағат 03.00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаеваның "Ретро" түнгі клубынан шығып, қайта оралмағанын хабарлаған еді.
Із-түссіз жоғалып кеткен қызды іздестіру жұмыстарына ІІД жеке құрамы жұмылдырылған болатын.